«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Мәжілістің қарауында.

Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын (ІІМ-нің 17.11.2014 ж. №819-бұйрығы) және Сотталғандарды жазасын өтеу үшін ҚАЖ мекемелеріне жіберу қағидаларын (ІІМ-нің 22.08.2014 ж. №551-бұйрығы) жоғарыда аталған Заңмен енгізілетін түзетулерге сәйкес келтіруде:

  1. Құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қолданыстағы талаптарға сәйкес қағидаларды тіркеу күні кіріспеден алып тасталады (бұрын бұйрықтардың атауында негізгі заң – Кодекстің күні көрсетілген, жаңа талаптарға сәйкес күні көрсетілмеген);
  2. «Оқшауланған учаске» ұғымы алып тасталады, «жергілікті учаскеге» ауыстырылады (ҚАК-да да, бұйрықта да бір объектіге екі термин қолданылады: «оқшауланған» және «жергілікті» учаске. «Жергілікті» учаске термині қалады);
  3. ҚАК-тің 109-бабына сәйкес сотталған адам мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес әрқайсысы он бес минутқа созылатын телефон арқылы сөйлесуге құқылы.

Таксофон (телефон) арқылы сөйлесулерді күніне 15 минутқа дейін шектеу бойынша регламент енгізіледі.

Тиісінше Ішкі тәртіптеме қағидаларының 101-тармағына ұқсас өзгерістер енгізіледі;

  1. ҚАК-тің 109-бабына сәйкес жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда не жалғыз адамдық камерада ұсталатын сотталғандардың: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған және өзге де айрықша жеке мән-жайлар болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.

Ішкі тәртіптеме қағидаларының қолданыстағы редакциясында бұл норма былай көрсетілген: «Жазаны өтеудің қатаң жағдайларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ тәртiптiк изоляторға, жалғыз адамдық камераға және уақытша оқшаулау үй-жайларында қамалған сотталғандарға жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған айрықша жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.

Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады».

Осылайша Ішкі тәртіптеме қағидаларына қолданыстағы редакцияда жоқ айрықша жеке мән-жайлар туралы норма қосылады.

  1. ҚАК-тің 113-бабына сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандары жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында мекемеден тыс жерлерге ұзақ мерзімге шығуға құқылы.

ҚАК-тің осы бабына «жылына бір рет, тұрғылықты жері бойынша» деген толықтыру енгізіледі.

Тиісінше, ұқсас түзету Ішкі тәртіптеме қағидаларының 108-тармағына енгізіледі.  

  1. ҚАК-тің 104-бабына сәйкес сотталғандар камералар, карантиндік бөлімшелерде, тәртіптік изоляторларда, жасақтарда кезекшілік атқаруға міндетті;

Заң жобасында ҚАК-нің 104-бабында тазалауға арналған үй-жайлардың тізбесі кеңейтіледі: бекітілген кестеге сәйкес карантиндік бөлімшелерде, тәртіптік изоляторларда, жасақтарда, жалғыз адамдық камераларда, жазаны өтеудің қатаң жағдайларында, уақытша оқшаулау үй-жайларында камералар, бөлмелер және жалпы пайдаланылатын үй-жайлар бойынша кезекшілік ету және үй-жайларды санитарлық тазалауды жүргізу;

Тиісінше, осындай түзету Ішкі тәртіптеме қағидаларының 133-тармағына және 15-қосымшасына енгізіледі.  

  1. ҚАК-тің 12-бабының (Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету) негізінде мекеме қызметкері қатерді жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды қауіпсіз жерге ауыстыру және алып кету арқылы отыз тәулікке дейінгі мерзімге дереу шаралар қабылдауға міндетті.

Алайда, қатер тоқтатылған жағдайда қауіпсіз жерден мерзімінен бұрын шығару қарастырылмаған.

Осыған байланысты, ҚАК-тің 12-бабына қатер болмаған жағдайда қауіпсіз жерде ұстауды тоқтату туралы норма енгізіледі.

Тиісінше, осындай түзету Ішкі тәртіптеме қағидаларына жаңа 143-1-тармақпен енгізіледі.  

  1. ҚАК-тің 90-бабына сәйкес (Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу) сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап он күннен кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі.

Бұл бапқа ерекшеліктер енгізіледі:

1) үкім заңды күшіне енген кезде зертханалық расталған бактерия бөлінуі анықталған туберкулезбен ауыратын науқастар ол тоқтағанға дейін;

2) басқа қауіпті жұқпалы аурулармен, одан әрі стационарлық емдеу қажет болмаған кезде, ол адам сауыққанға дейін;

3) оларға қатысты жеке басын куәландыратын құжат ресімделетін;

4) жазасын өтеу мерзімінің соңына дейін бір айдан аспайтын уақыт қалған сотталғандарды қоспағанда ерекшеліктер енгізіледі.

Тиісінше осыған ұқсас түзету Сотталғандарды жіберу қағидаларының
4-тармағына енгізіледі.  

  1. ҚАК-нің 92-бабында (Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу) белгілі бір себептермен қауіпсіздігі аралас мекемелерде қалдырылатын адамдардың санаттары көрсетіледі.

Бұл бапқа толықтыру енгізіледі:

5-1. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін туберкулез немесе басқа да қауіпті жұқпалы ауру анықталған сотталған адам зертханалық расталған бактерия бөлінуі тоқтатылғанға не одан әрі стационарлық емдеу қажеттілігі болмағанға дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылады.

Қалдыру туралы шешімді қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сот тағайындаған түрдегі мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда қабылдайды.

Тиісінше осыған ұқсас түзету Сотталғандарды жіберу қағидаларына жаңа 10-2-тармақпен енгізіледі.