«Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1233 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге байланысты әзірленді. (19-6-бап, 1-бөлігі).
Жобаның мақсаты жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік бейімсіздігіне және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау бөлігінде критерийді айқындау болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге (әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық) қол жеткізу үшін зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмаған адамдарды сәйкестендіру рәсімін жүргізу жоспарлануда.
Жобаның мәтінімен ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.