«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру үшін  «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» ІІМ бұйрығына толықтыру енгізіледі.

Толықтыруға сәйкес, сотталғандарға тәртіптік жаза қолдану немесе көтермелеудің заңсыз фактісі  анықталған жағдайда, жоғары тұрған органдардың өкілеттіктерінде олардың күшін жою мүмкіндігі көзделетін болады.

Қазіргі уақытта сотталғандарға қатысты бұзушылықтар мен көтермелеулердің күшін жою құқығына прокуратура ие. Ішкі істер министрлігінің аталған  өкілеттіктері жоқ.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.