«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі.
Ол 1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының жекелеген ведомстволарының (Мемлекеттік тергеу комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі) қайта ұйымдастырылуына және ҚР жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің (2015ж.) күшіне енуіне байланысты күшіне енбеген келісімді ауыстырады.
Келісімде тараптардың:
- ұйымдасқан қылмыспен;
- террористік, экстремистік қылмыстар, террористік және экстремистік қызметті қаржыландырумен;
- жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен;
- жеке адамға, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстармен;
- қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, улы, ядролық, биологиялық және радиоактивті заттарды пайдаланумен дайындалған немесе жасалған қылмыстармен;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен;
- заңсыз көші-қон және адам саудасы, адам органдары, сондай-ақ еңбек және жыныстық қанауға байланысты қылмыстармен;
-жалған валютаны, төлем құралдарын, чектер мен құндылықтарды тарату және бұрмалау арқылы жасалған қылмыстармен;
- тарихи құндылығы бар мәдени игіліктердің заңсыз саудасымен;
- мүлікке қарсы қылмыстармен;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен;
- экономикалық қылмыстармен, оның ішінде қылмыстық қызметтен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен);
- Ақпараттық технологиялар саласындағы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы көзделеді.
Келісімге қол қою Мемлекет басшысының Түркіменстанға сапары барысында жоспарланып отыр.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.