«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын әзірледі (бұдан әрі - Бұйрық жобасы).

         Бұйрық жобасы құқық қорғау органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

         Бұйрық жобасында:

         1) азаматтар ұсынатын зерттеулер және (немесе) консультациялар нәтижелерінің мазмұны сарапшы дәрігердің жеке объективті тексеруінің нақты нәтижелеріне, анамнез деректеріне сәйкес келмеген кезде қайта қосымша тексеруге жіберуді регламенттейтін норманы енгізу;

         2) әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі - ӘДК) отырысы барысында тікелей «жақтау» немесе «қарсы» пікірін тіркеу, ерекше пікірін негіздеу және медициналық куәландыру актісінде (картасында) және ӘДК отырысының хаттамасында ресімдеу процесін нақтылау;

         3) бөлек лауазымдарда қызметке тағайындалатын (ауыстырылатын) немесе қызмет мерзімін ұзартатын кандидаттар мен қызметкерлер үшін міндетті психологиялық тестілеудің әдістемелерін енгізу (ІІМ жедел кеңесінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 26 шешімінің 4.3-тармағы);

         4) есепке алу-әскери құжаттар берілмейтін қызметке (оқуға) кандидаттардың әскери қызметке қатысы (жарамдылық дәрежесі) туралы мәліметтерді мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық жүйелерінде нақтылау туралы норманы енгізу (ҚР ҚМ 2017 жылғы 24 қантардағы №28 бұйрығы);

         5) орыс тіліндегі бұйрық жобасының редакциясында ӘДК қорытындыларында «жарамды»  (годен(на)) және толық тексерілмеген (недообследован(на)) сын есім жалғауларын жалғау не белгілеу бөлігінде толықтырулар енгізу көзделеді.