Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ішкі істер министрлігі «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес келтіру шеңберінде «Жеке басты куәландыратын құжаттарды, Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.

Жобаның мақсаты Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер тізбесін бекіту болып табылады.