«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын орналастыру туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА»
интернет-порталында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы
келісім» жобасы орналастырылады.
Келісім жобасы 2023 жылғы 8 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері
басшылары Кеңесінің VIII отырысында мақұлданды.
Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін
мамандар даярлау көзделеді, бұл кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін
қамтамасыз етуге, тәжірибе алмасуға және осы салада өзара іс-қимылдың
тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға
шақырады.
Қызмет бағыты