«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселері» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы жобасының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Үкіметтің кейбір құзыреттерін ІІМ-ге беру бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қаулы жобасы әзірленді. Оның ішінде ІІМ-ге берілген құзыреттіліктер:
- күзет ұйымдарын құру қағидаларын ұлттық компаниялардың бекітуі (түзету «Күзет қызметі туралы» Заңның 17-1-бабының 3-тармағына енгізілді);
- жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің саны нормативін бекіту (түзету «Күзет қызметі туралы» Заңның 17-1-бабының 2-тармағына енгізілді);
- дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту (түзету «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңның 32-бабының 1) тармақшасына енгізілді).
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес аталған құзыреттер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде бекітілуі тиіс.
Қаулы жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет - порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.