«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін (бұдан әрі – ҚО) ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізуге бағытталған бұйрықтың жобасын дайындады.

Бұйрықтың жобасы ӘАОО-да білім алудың нысандары мен технологияларын анықтау бойынша құзыреті берілген ҚР «Білім  туралы» Заңының 5-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді.

 Жобаның мақсаты – әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру қағидаларын қазіргі заманғы стандарттарға келтіру арқылы ведомстволық білім берудің білім беру саясаты жүйесін жетілдіру.

Жобада магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін норма енгізіледі.  

Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында танысуға болады.

Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты