«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» ҚР үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасының мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру болып табылады, яғни жеке күзет ұйымы қызметкерлері санының нормативін реттеу және күзет ұйымдарын құру үшін ұлттық компанияларға қойылатын талаптарды бекіту функциялары ішкі істер министрлігіне берілді.

Осыған байланысты, ІІМ қазіргі уақытта келісу рәсімінен өтіп жатқан «Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы» және «Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы» бұйрықтардың жобаларын дайындады.

Қаулы жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында танысуға болады.

Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты