«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрық жобасы қызметке кандидаттардың, құқық қорғау органдары оқу орындарына түсуге кандидаттардың, құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің қызметке жарамдылық санаттары айқындалатын денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасымен келесі мәселелер қарастырылады:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптардың (бұдан әрі - Талаптар) ІІІ бағанында көрсетілген талаптар бойынша әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, комитеттердің, департаменттердің, мемлекеттік органдардың орталық және аумақтық бөліністерінің дербес басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары мен орынбасарларын, қылмыстық-атқару жүйесі арнайы есепке алу бөлімшелерінің қызметкерлерін, даярлаудың педагогика-психологиялық бағыты (бакалавриат) бойынша оқуға кандидаттарды медициналық куәландыруды анықтау;

2) кейбір аурулар (анемия, қант диабеті) кезінде тексеру түрлерін нақтылау;

3) патология түрлері бойынша толықтырулар енгізу (қалқанша безді алып тастау, гипофиз аденомасы, бастапқы глаукома, буындарды эндопротездеу, ағзаларды трансплатациялау);

4) бронх демікпесінің жеңіл және орта дәрежелі кейбір түрлері болған жағдайда қызметкерлер қызметін жалғастыру үшін қойылатын денсаулыққа қатысты талаптарды төмендету;

5) кандидаттар қызметке татуировкалардың болуынан «жарамсыз» деп танылған жағдайда,олардың  орналасуы, көлемі және мазмұнын нақтылау;

6) омыртқа дискілерінің протрузиясы мен «грыжа» ауруы кезінде түбіршекті және (немесе) ауырсыну синдромының айқындылығы мен сипатына байланысты қызметке жарамдылық дәрежесін нақтылау;

7) «жамбас немесе мықын бүйрек дистопиясы» диагнозы Талаптарының тармақтары бойынша және тиесілігі бойынша қайта бөлу көзделеді.