Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеке күзет ұйымдарының күзетшілері үшін нысанды киім үлгілерінің үлгілерін кеңейту мақсатында «Нысанды киім үлгілерін және күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің оны кию қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығының жобасын
(бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасының мақсаты жеке күзет ұйымдарына күзетшінің неғұрлым заманауи, ыңғайлы және практикалық нысанды киімдерін, яғни күзетшілердің нысанды киімдерінің қолданыстағы үлгілеріне қосымша пайдалануға мүмкіндік беру болып табылады. Яғни,  жазғы және қысқа нысанды киімдердің (жылы шалбары мен алынбалы капюшоны бар оқшауланған күрте, алынбалы-салынбалы капюшоны бар күрте, жағасы бар күрте және карго-шалбары, капюшоны бар желден қорғайтын күрте) жаңа үлгілері әзірленді.   

Бұйрық жобасының мәтінімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: https://mvd.gov.kz, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: legalacts.egov.kz танысуға болады.

Сізден осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қызмет бағыты