«Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 112-ө өкімін іске асыру мақсатында «Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру болып табылады, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігіне Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру үшін талаптарды бекіту жөніндегі функцияны береді.
Бұл функцияны Орталық мемлекеттік органның деңгейіне беру ІІМ жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді және министрлік алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақтылы орындауға ықпал ететін болады.
Бұйрық жобасының мәтінімен Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: https://mvd.gov.kz,
сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: legalacts.egov.kz танысуға болады.
Сізден осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуды сұраймыз.