«Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 112-ө өкімін іске асыру мақсатында «Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру болып табылады, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігіне жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін айқындау жөніндегі функцияны береді.
Бұл функцияны Орталық мемлекеттік органның деңгейіне беру ІІМ жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді және министрлік алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақтылы орындауға ықпал ететін болады.
Бұйрық жобасының мәтінімен Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: https://mvd.gov.kz,
сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15157945 танысуға болады.
Сізден осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуды сұраймыз.