«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

ІІМ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы
16 мамырдағы ҚР Заңына сәйкес Ішкі істер, Білім және ғылым министрлерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға стандарттар және оларға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі.

Бұл жобада «бейнебақылау жүйесі» ұғымының анықтамасы өзгертілді.

Қолданыстағы редакцияда бейнебақылау жүйесі - бұл объектінің жай-күйі және оның қауіпсіздігі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы.

Ұсынылған редакцияда бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қызмет бағыты