ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы №662 «Ведомстволар мен аумақтық органдар туралы ережелеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу» ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» Алматы қаласында орналасқан «ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» және Қонаев қаласында орналасқан «ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» екі дербес  департамент болып қайта құрылды.

Осыған байланысты ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің ережесіне, Алматы қаласы бойынша ҚАЖК туралы ережеге жобамен өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті туралы ереже бекітіледі.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.