Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері мемлекеттік сатып алулар туралы тікелей келісім-шарттар жасау арқылы бір көзден әдісімен сатып алатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі мен көлемін және сондай тауарлар, жұмыстар, қызметтер алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі мен көлемін бекіту туралы» бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылғы 1 шілдеде «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты ҚАЖ комитеті Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің Өкімін орындау аясында 2023 жылғы 6 маусымдағы №454 «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері мемлекеттік сатып алулар туралы тікелей келісім-шарттар жасау арқылы бір көзден әдісімен сатып алатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі мен көлемін және сондай тауарлар, жұмыстар, қызметтер алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының   тізбесі мен көлемін бекіту туралы» қолданыстағы бұйрығын қайта бекітті.