«Жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларына арналған валюта қаражатын жұмсаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 592 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жоба бірдей құқықтық қатынасты регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі қаулысының арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында әзірленді.
Сонымен, «Жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларына арналған валюта қаражатын жұмсаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 592 қаулысы жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларына арналған бюджет қаражатын жұмсау тәртібін айқындайды.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдардың қызметкерлерiне қолданылатын Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты, егер нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық элементтері жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе солармен қамтылса, күші жойылды деп тануға жатады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 592 қаулысы күшін жоюға қойылатын болады