«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ІІМ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 37-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығын қабылдауға байланысты дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерін жоюға қою болып табылады.

Түзетулер әкімшілік-құқықтық реформаның (бюрократиядан арылтудың) екінші кезеңінің шеңберінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға енгізілген өзгерістерден туындады.

Осы кезеңнің шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді бекіту жөніндегі құзырет Үкіметтің деңгейінен орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне ауыстырылады.

Бұл түзетулер жоғарыда аталған Заңда іске асырылды.