БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайта бағыттау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бірлескен бұйрығының жобасына

«Адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайта бағыттау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бірлескен бұйрығының жобасы (бұдан әрі жоба) «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі-Заң) іске асыру шеңберінде әзірленді.   

Мәселен, бұйрық жобасында ұғымдық аппарат, адам саудасының әлеуетті құрбандарын алдын ала сәйкестендіру, адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында көмек көрсетуді қамтитын бес бөлім көзделеді.

Осы адам саудасы құрбандарын қайта бағыттау тәртібі адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері өз құзыреті шегінде адам саудасы құрбандарын, оның ішінде адам саудасы құрбандарын қолдаудың жан-жақты және қолжетімді жүйесін қамтамасыз ету үшін әлеуетті құрбандарды анықтауға, қайта бағыттауға, қорғауға және оларға көмек көрсетуге қатысатын ынтымақтастық жүйесін айқындайды.

Адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайта бағыттау тәртібі ЕҚЫҰ-ның «Адам саудасының құрбандарын ұлттық деңгейде қайта бағыттау тетігі» практикалық нұсқаулығына сәйкес әзірленді.  

Осы бірлескен бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды