БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Адам саудасына қарсы іс – қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бірлескен бұйрығының жобасы

«Адам саудасына қарсы іс – қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бірлескен бұйрығының жобасы (бұдан әрі жоба) «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру шеңберінде әзірленді. 

Сонымен, бұйрық жобасында адам саудасының тәуекелдерін анықтау, деректерді жинау, адам саудасының тәуекелдерінің рейтингі мен индикаторларын және т.б. қамтитын тұжырымдамалық аппарат қарастырылған.

Тәуекелдерді бағалау, оларды сәйкестендіру және өңдеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ деректерге талдау жүргізу және оның нәтижелерін қалыптастыру айқындалады.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау нәтижелері және адам саудасының пайда болуына және қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі қызметті жетілдіруге бағытталған әзірленген ұсынымдар адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады және адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілеріне жеткізіледі, сондай-ақ іс-шаралар жоспарын, стратегиялық, бағдарламалық және өзге де құжаттарды әзірлеу кезінде ескеріледі.

Осы бірлескен бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды