«Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 және «Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 30 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдаң әрі - Заң) қол қойды.
Бұрын «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 59-бабының 2) тармақшасымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыретіне шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін беру тәртібін айқындайды, оларды беруді жүзеге асыру кірген болатын.
Заңмен бүл тармақ алынып тасталды.