«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Үкімет қаулысының жобасы қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Аталған қаулыға аумақтық қолжетімділік шегінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын еркін таңдауды ескере отырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА/НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Сіздерді жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.