БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі №123, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №271 және Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №276 қаулысымен, 190 Әлеуметтік дезадаптацияға және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтыратын теріс пайдаланудың болуын бағалау критерийлерін бекіту туралы «Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №528 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасына
Бірлескен бұйрық жобасы «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру шеңберінде әзірленді.
Осылайша бұйрық жобасында адам саудасының құрбандарын, сондай-ақ қанау түрлерін анықтайтын адам саудасына қарсы күрес субектілерінің тізбесін кеңейту, бағалау критерийлеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Қылмыстық іс қозғау фактісіне қарамастан, ҚР әлеуметтік кодекісіне сәйкес бағалау критерилері адамды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездіктің оның ішінде адам саудасымен байланысты әрекеттердің құрбаны ретінде жатқызу негіздерін айқындайтынын атап өткен жөн.
Осылайша, адамдар ҚР адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге халықты әлеуметтік қорғау саласына (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық еңбек, мәдени, эканомикалық, құқықтық) қол жеткізу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтеді.
Бірлескен бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-эканомикалық құқықтық және басқада салдарларға әкеп соқпайды.