БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы Заңды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) әзірленді.
Осылайша, жобамен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережені заң нормаларына сәйкес функциялармен толықтыру көзделеді. Атап айтқанда:
- адам саудасына қарсы басқа субектілермен өзара іс-қимыл;
- адам саудасына қарсы іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және жүзеге асыру;
- саладағы қызмет нәтижелері туралы халықты хабардар ету.
Сонымен қатар ведомство әзірлеу және бекіту құзыретімен толықтырылады:
- адам саудасынаи қарсы күрес жөніндегі ведмоствоаралық коммиссия туралы ереже және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже;
- адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсетуге және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қайта бағыттау тәртібі;
- адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізу қағидалары;
- әлеуметтік келіспеушілікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтыратын зорлық-зомбылықтың болуын бағалау өлшемдері;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға осы күрес жөніндегі іс-шарлар жоспары.
Осы қаулының қабылдануы теріс әлеуметтік эканомикалық құқықтық өзгеде саларларға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру теріс әсер етпейді.