«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

     Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
     Осы жобамен ішкі істер органдарының жоғары және орта буындағы басшылық құрамын (аудандық бөліністерден облыстық бөліністерінің бастықтарына дейін) даярлау үшін, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы әрекет ету саласында ғылыми зерттеулердің бірыңғай хабын құру мақсатында астанада ІІМ Басқару академиясын құру қарастырылған.
     Академияның базасында ІІМ барлық академияларының ғылыми-зерттеу бөліністері және диссертациялық кеңес шоғырланатын болады. Оқыту магистратура, докторантура және басшылық құрамның біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша өткізілетін болады.
     Білім беру мекемесін елордада орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламент Мәжілісінің өкілдерін, мемлекеттік органдардың, астаналық оқу орындарының, халықаралық және т.б. ұйымдардың басшылары мен сарапшыларын оқу процесіне басқару және заң шығару саласында тәжірибемен алмасу үшін үздіксіз тартуды қамтамасыз етеді.
     Академияны құру ІІМ-де бар штаттармен бюджетінің шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
     Сіздерді аталған жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.