«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына  өзгерістер енгізуге бағытталған бұйрық жобасын әзірледі.

     Жоба 2024 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес әзірленген, оның мақсаты кейбір заңнамалық актілерге ғылым және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 6 мамырдағы заңдарды іске асыру болып табылады.

     «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға енгізілген жаңалықтарға сәйкес (50-1-бап) мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарына мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде әскери, арнаулы оқу орындарына түсу құқығы жұмыстан шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде берілетін болады.

      Жобаның негізгі мақсаты - заңнама нормаларының сәйкестігін қамтамасыз ету және әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдау ережелерін заманауи стандарттарға келтіру, соның ішінде ескірген нормаларды алып тастау және құқықтық мониторинг барысында анықталған заңнамадағы олқылықтарды толтыру.

      Сонымен бірге, Жобаның мақсаты нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру (құқықтық мониторинг шеңберінде анықталған ескірген нормаларды алып тастау) болып табылады.

      Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

      Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

      Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.