Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Атап айтқанда, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңға түзетулер мен толықтырулар енгізілді (одан әрі – Заң). Көрсетілген қаулылардың кейбір тармақтарын Заң нормаларымен сәйкестендіріп редакциялық нақтылау көзделеді.
Атап айтқанда, Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында Ішкі істер министрлігінің жеке басты куәландыратын құжаттардың (ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі және жол жүру құжаты) үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін бекіту жөніндегі қызметі оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі нормамен толықтырылады.
Сондай-ақ ІІМ құзыреті шет елдердегі қазақстандық мекемелердің Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу барысында қолданатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді енгізу, сүйемелдеу және әзірлеу функциясымен толықтырылады.
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысы ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталығы» РМК әзірлейтін жеке басты куәландыратын құжаттар тізбесіне шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету үшін берілетін құжат - «жол жүру құжаты» енгізіледі.
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті