«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Өткен жылғы маусым айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.
Соңғы жылдары бұл осы саладағы алғашқы бағдарламалық құжат, оны іске асыру тиімді ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуді талап етеді.
Осы мақсатта оның тармақтарының бірі (40.1-тармақ) ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментін бейінді Комитетке айналдыру болып табылады.
Оның бөлімшелеріне мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісінше жүзеге асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны берілетін болады.
Осыған байланысты ведомство Ішкі істер министрлігі туралы ережеге, ІІО қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін басқа да нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізеді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.