«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес Алматы қаласы және Алматы облысы дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер болып табылады.

Осыған байланысты, ведомство «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы    22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізеді, онда «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментін» Алматы қаласында орналасатын «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» және Қонаев қаласында орналасатын «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» деп екі дербес департаментке қайта ұйымдастыру ұсынылады.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.