Баспасөз-релизі

Мемлекет басшысы құқық бұзушылықтардың профилактикасы
саласында жүргізіліп жатқан жұмыстың тиісті емес деңгейіне назар аударды,
өйткені тәуекел тобына жататын адамдардың едәуір үлесі көзден таса болып отыр.

Осыған байланысты Президент Құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласында жаңа бірыңғай Заң әзірлеуді тапсырды.

         Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» (жаңа редакция) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын әзірледі, олар ағымдағы жылғы 2 мамырда
«Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылаулар үшін орналастырылды.

Үкіметтің заң шығару жұмысының ережелеріне сәйкес жария талқылаулардың басталғаны туралы хабардар етеміз.