«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1) тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы   № 533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

         Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көрнекі аймағында иесі туралы, атап айтқанда оның жынысы және азаматтығы туралы қосымша ақпарат енгізу болып табылады.

         Жобаның шеңберінде ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің жынысы мен азаматтығы туралы ақпаратты көрнекі аймақта көрсету ұсынылады. Ағымдағы нұсқада аталған мәліметтер құжаттың чипінде және оның машинада оқылатын аймағында кодталған түрде болады.

         Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

         Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.