БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасын бойынша

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2024 жылғы 6 сәуірдегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрдің 2024 жылғы «___» _______ № ___ өкімінің жобасын іске асыру мақсатында, «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Бірлескен бұйрық жобасы) әзірледі.

Бірлескен бұйрық жобасының мақсаты күзетшілерді жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын адамдарды даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарына қатысты мемлекеттік бақылау жөніндегі тексеру парағын, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын сәйкестендіру болып табылады.

Бірлескен бұйрық жобасының мәтінімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: https://mvd.gov.kz, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15014388 танысуға болады.

Сізден осы Бірлескен бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуды сұраймыз.