«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2024 жылғы 6 сәуірдегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрдің 2024 жылғы «___» _______ № ___ өкімінің жобасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодекстің және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның талаптарына сәйкес «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты бизнес субъектілеріне, атап айтқанда күзетшілерді даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығына атыс даярлығы бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін меншік құқығында да, жалға лау құқығында да тирге ие болу мүмкіндігін беру болып табылады (қазіргі уақытта тек меншік құқығында), бұл өз кезегінде осы қызмет түрімен айналысу үшін биснеске әкімшілік жүктемені азайтады.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді кеңейту көзделеді.
Бұйрық жобасының мәтінімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: https://mvd.gov.kz, сондай-ақ
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15010259 танысуға болады.
Сізден осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуды сұраймыз.