«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жобаның мақсаты Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құрудың, жүргізудің және пайдаланудың қолданыстағы қағидаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының «__»_______ 2024 жылғы Заңына сәйкес келтіру болып табылады.
Жобаның шеңберінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және банкаралық акша аудару жүйесінің операциялық орталығына Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған және жария етуге жатпайтын мәліметтерге қол жеткізу құқығы беріледі.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.