Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасын (бұдан әрі – Жоба) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізілген құқықтық мониторингтің шеңберінде әзірледі.
Жобаның мақсаты «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңның 7-бабы 2-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес келтіру болып табылады, оған сәйкес азаматтар калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын ойық ұзын ұңғылы атыс қаруын сатып ала алмайды.