«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын
іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадрлық және идеологиялық саясатты дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 25-тармағын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесінің
4-қосымшасын қайта қарады.
Жобаның мақсаты - соңғы үш жылдағы статистикалық мәліметтерді талдай отырып, жыл сайын кадрлық болжам жасау.
Жобаның шеңберінде ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлау және болжау жөніндегі қызметті жетілдіруді көздейді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.