«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болып табылады. Келісім жасау Қатар Мемлекетімен қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құрайды.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.