Хабарландыру

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабының талаптарына сәйкес Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды көздейтін түзетулер бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) рәсімін жүргізуде.

Осыған орай, сондай-ақ, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 748 («Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы») бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 наурызда сағат 9.00-ден «Ашық НҚА» порталында
«on-line» режимінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ ағымдағы жылғы
7 наурызда сағат 15.00-де
онлайн режимде дөңгелек үстел арқылы күзет қызметі саласындағы қатаңдатуды енгізуге қатысты РӘТ нәтижелерінің қоғамдық талқылауы өткізілетіні туралы хабарлаймыз.