«Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін құқықтық актінің атауының өзгеруіне байланысты «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңның 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі (бұдан әрі – жоба).

Жобаның мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14935606. Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.