«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5, 18-тармақтарына сәйкес «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жобаның мақсаты Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының нормаларын жетілдіру болып табылады.

Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтуді енгізу, дактилоскопиялық тіркеуден және міндетті дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар тобынан босату негіздерін кеңейту, сондай-ақ дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден өткен адамның дактилоскопиялық және геномдық ақпарат алуы бөлігінде түзетулер енгізіледі.

 

 

Жедел-криминалистикалық департаменті