«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Құқық қорғау қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 12-1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жобаның мақсаты Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының қызметін қоғамдық бақылау шеңберінде заңнамалық нормаларды жетілдіру.

Жобаның шеңберінде ІІМ-ге Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары арнаулы оқу орындары курсанттарының қатарындағы жақын туыстарына бару қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзырет берілген.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады. Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.