«Егер жаңа тұрақты тұратын жеріндегі мемлекетте осындай зейнетақы тағайындаудың осы мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарын сақтамауына байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеуден бас тартылса, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетке тұрақты тұруға кеткен зейнеткерлерге – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жалғастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес «Егер жаңа тұрақты тұратын жеріндегі мемлекетте осындай зейнетақы тағайындаудың осы мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарын сақтамауына байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеуден бас тартылса, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетке тұрақты тұруға кеткен зейнеткерлерге – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жалғастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жобаның мақсаты 1993 жылғы 24 Желтоқсанда Ашғабат қаласында жасалған және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы ратификацияланған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру және мемлекеттік сақтандыру тәртібі туралы» келісімге, «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 86) тармақшасына сәйкес тұрғылықты жерін ауыстырған кезде ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне егер жаңа тұрғылықты мемлекеттің заңнамасында сол түрдегі зейнетақы белгіленбеген жағдайда зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін реттеу болып табылады.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА / НҚА (egov.kz).

Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.