Хабарлама

«Әскери қызметшiлерге және ішкі істер органдарында, азаматтық қорғау, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы бойынша

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының
1-тармағына сәйкес
«Әскери қызметшiлерге және ішкі істер органдарында, азаматтық қорғау, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 және 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулыларына сәйкес келтіру болып табылады.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА / НҚА (egov.kz).

Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.