«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.  

Жобаның мақсаты дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының нормаларын жетілдіру болып табылады.

         Жобаның шеңберінде дактилоскопиялау және верификациядан өту кезінде «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қол іздерінің таңбалары танылмаған жағдайда іс-қимылдар алгоритіміне қатысты түзетулер енгізілді, дактилоскопиялау шарттары қайта қаралды, сондай-ақ бояусыз әдіспен дактилоскопиялау тәсілдері кеңейтілді.

 

 

Жедел-криминалистикалық департаменті