Хабарлама
«Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының
жобасы бойынша
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының
1-тармағына сәйкес «Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жобаның мақсаты Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларының нормаларын жетілдіру болып табылады.
Жобаның шеңберінде дайындаушы кәсіпорындарда жасалатын, жаңадан дайындалған, сондай-ақ өзгертілетін, зауыттық жағдайда жөнделетін жауынгерлік қол атыс, азаматтық және қызметтік атыс қаруынан бақылау ату кезінде лауазымды тұлғаларға өкілеттіктерді беру бөлігінде түзетулер енгізіледі. Бұдан басқа, Жобада ведомстволық коллекцияға анықтама және терминдер мен анықтамаларды Заңның 23-бабының 7-тармағына сәйкес келтіру берілді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА | НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.