«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында қауіпсіздік және құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификаицялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында қауіпсіздік және құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірледі.

     Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес дайындалды.

     Әзірленіп жатқан үкіметаралық Келісімнің мақсаты – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (бұдан әрі – Орталық) аумағында қауіпсіздік және құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы құзыретті органдарының өзара іс-қимылының тиімді құқықтық механизмін құру.

     Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Егер өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптардың әрқайсысы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды өз бетінше көтереді (15-бап). Келісімді іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе экологиялық салдарға әкеп соқпайды және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді.

     Заң жобасының мәтінімен ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны көпшілік талқылауға қатысуға шақырамыз.