БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігімен «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына өзгертулер енгізу жобасының қаулысы әзірленді.
Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 10-тармағына сәйкес әзірленді, оның қабылдануы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 326-VIII Заңымен негізделген.
Жобада «шетелдік азаматтар» терминологиясын Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326- VIII Заңының қабылдануына сәйкес келтіру көзделген.
Жобаны iске асыру терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, ұлттық қауiпсiздiкке әсер етпейдi және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейдi.
Қызмет бағыты