«Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілердің, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының есептілігі нысанын және оны ұсыну кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығына 2026 жылғы 4 мамырдағы № 329 өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілердің, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының есептілігі нысанын және оны ұсыну кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығына 2026 жылғы 4 мамырдағы № 329 өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

     Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде беру қағидаларына сәйкес келтіру.

     Бұйрық жобасының мәтінімен ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны көпшілік талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты