«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім әзірленді.
Келісімнің мақсаты – ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, әрбір мемлекеттің аумағында заңсыз жүрген адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін қалыптастыру.
Келісімді ратификациялау ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, олардың аумағында заңсыз жүрген адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастырады, сондай-ақ реттелетін салада ынтымақтастық тетігін құруға және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Аталған жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.